ПОДЕЛИТЬСЯ
Көкшетауда ер адам әйелінің жұмыс орнына барып,пышақпен шабуыл жасаған. Әйел ауруханаға жеткізілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйелге жасалған шабуыл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша,оқиға әйел жұмыс істеген шағын несие ұйымының жанында болған.
"Әйелге дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала анықталғандай,тұрмыстық жанжал кезінде жәбірленушінің күйеуі оған пышақ жарақатын салып,оқиға орнынан бой тасалаған. Күдікті жедел ұсталып,тергеу үшін полицияға жеткізілді",– деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.