ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"21 мамырда Қарағанды,Балқаш,Өскемен,Семей,Риддер,Атырау,Ақтөбе,Шымкент,Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады",- деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы,жел,тұман) жиынтығы.
Еске салайық,бұған дейін Қазгидромет 20,21 және 22 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.