Қазақстан Президенті Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп,табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын,соның ішінде "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап,өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық,Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамызда Қазақстанға сапармен келуді жоспарлаған болатын. Алайда Жапония премьер-министрі бір күн бұрын Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты Қазақстанға келмейтін болды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Күнделікті жарияланады      бізбен хабарласыңы   SiteMap