Сәтбаевта ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәтбаевта тұрғын үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода қыз үйге кіргені көрінеді. Кейін ер адам оның басынан ұстап,аузын қолымен жауып,баспалдақтан сүйрей жөнеледі. Артынша қыз айғайлап,қарсылық білдіреді,содан кейін ер адам үйден жүгіріп шығып кетеді.

Осы кезде бірінші қабаттағы пәтерден бір әйел шығады. Қыздың айтқанынан кейін ол ер адамның артынан жүгіре жөнеледі. Ер адам қызды зорламақ болған.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді.

"Әйел адамға шабуыл жасау дерегі бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр",- деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ұлытау Облысының Полиция Департаменті (@policeofulytau)

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Күнделікті жарияланады      бізбен хабарласыңы   SiteMap