ІІМ арнайы операциясы: Қазақстанда “мұнай мафиясы“ әшкере болды

Қызылорда облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар тобын ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан астам тінту шаралары жүргізілген.

"25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді,оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр",– деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Күнделікті жарияланады      бізбен хабарласыңы   SiteMap