Қазақстандықтар 15 миллион теңгенің трансформаторларын ұрлап, Қырғызстанға сатып жіберген

Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде,құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды.

"Келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асады. Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағандыға жеткізіп,көрші елдің азаматтарына сатып жіберген. Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты",- делінген хабарламада.

Ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Күнделікті жарияланады      бізбен хабарласыңы   SiteMap